12:15, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа директор тағайындалды
АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос қызмет орнына жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша Қайрат Тұрлыханов конкурстық комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алды.

Әділет министрлігі Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң төрағасы Әмірхан Аманбаев өткен жылы желтоқсанның 30-ында Қ.Тұрлыхановты «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Қайрат Болатұлы Тұрлыханов 1995-1998 жылдары - «Бақты» кеденінің бастығы, 2001-2002 жылдары - Семей қаласының әкімі, 2006 жылдың маусым-қараша айларының аралығында ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, ал 2007 жылы Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болды.