Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Акробат Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Акробат Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр.

Қазақстандық спртшы 85.68 нәтижесімен топ жарды. 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-шы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-ші болды.