Ақсай қаласында болашақта 75 мың адам тұрмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Келешекте Ақсай қаласында бас жоспарға сәйкес 75 мың адам тұрмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Болат Шәкімовтің айтуынша, Қарашығанақ кенішінің игерілуіне байланысты қала жыл сайын қарқынды дамып келеді. Осыған орай облыс басшылығының қолдауымен қаланың әлеуметтік дамуына «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан 10 млн. АҚШ доллары бөлініп отыр. Қазіргі кезде 10-ықшамауданда 900 орындық мектеп аталмыш компания есебінен салынуда. Басқа да маңызды құрылыстар қолға алынатын болады.
Соңғы жаңалықтар