16:42, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақсай қаласында Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай шара ұйымдастырылды
ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақсай қаласында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай шара ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ардагерлер саябағында өткен кездесуде ардагерлер, он баланың анасы, ісмер Дәмелі Құсайынова мен Мұхиттың ұрпағы Әсия Мұхитова тағылымды әңгімелерін айтып, өлеңдерін оқып берді. Жергілікті өнерпаздар Ғ.Құрманғалиев шырқаған әндерді, сондай-ақ оның төл туындыларын да орындады.