Ақсай қаласында жасырын ойынхана әшкереленді
ОРАЛ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 9 сәуірде Ақсай қаласында жасырын ойынхананы әшкереледі.
Департаменттің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, тексеру кезінде бес ойын автоматы табылып, залда соншама адам болған. Ойын автоматтары мен 14 мың теңге көлеміндегі ұтыс тәркіленді.
Ойынхана иесі, Ақсай қаласының жиырма жасар азаматы «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңын бұзған. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 338-1 бабы 1-бөліміне сәйкес іс қозғау мәселесі шешілуде.