Ақсай мұнай-газ кен орны қолданысқа берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) Ақсай мұнай-газ кен орнының қолданысқа берілгені туралы хабарлайды, бұл кен орнын игеру лицензиясына ҚМГ БӨ-нің Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) ие.
None
None

«Ақсай кен-орнының қолданысқа берілуі «ҚазГерМұнай» компаниясының мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандырады, - деді ашылу салтанатында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов. - Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді»

Miller and Lents, Ltd. тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ақсай кен орнындағы 2Р санатты мұнай қоры 1,5 млн. тонна, газ қоры - 1 626 млн. текше метр. 2015 жылы Ақсай кен орнынан 114,5 (тәулігіне 2,4 мың баррель) мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Жоспар бойынша өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының қазіргі бағыттары бойынша сатылады, ал газ мемлекет белгілеген баға бойынша ішкі нарыққа жөнелтіледі.

«Ақсай кен орнын игеру» жобасына салынатын инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңге (шамамен 53 млн. АҚШ доллары). Болашақта ұңғымаларды салуға қосымша инвестициялар салынады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар