2026 жылы АҚШ әскери шығындарын 1,01 триллион долларға ұлғайтуға ниетті

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ келесі жылы әскери шығындарын 1,01 трлн долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақ үй жариялаған келесі қаржы жылына арналған федералды бюджет жобасында айтылған, деп жазды ТАСС. 

АҚШ 2026 жылы әскери шығындарын 1,01 триллион долларға дейін ұлғайтуға ниетті
Фото: freepik.com

— Құжатқа сәйкес, Вашингтон 2025 қаржы жылымен салыстырғанда қорғанысқа бөлінетін қаржыны 13 пайызға көбейтуді көздеп отыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та COVID-19 екпесінен бас тартқан әскерилер қайта жұмысқа қабылданып жатқанын жазған болатынбыз.  АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылған әскери қызметкерлерді қайта қызметке алу туралы бұйрыққа қол қойған еді. Бұл туралы Пентагон ресми мәлімдеме жасаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар