Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ әлемдік экономикалық дағдарыстың детонаторы болған жоқ

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - АҚШ-ты әлемдік экономикалық дағдарыстың детонаторы, орталығы болды деу қате. Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференцияда осындай пікір айтылды,

АҚШ әлемдік экономикалық дағдарыстың детонаторы болған жоқ
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Дағдарыс жағдайында өнеркәсіптің құлдырауы әр елде әртүрлі жүрді. Ресейдегі өнеркәсіптің құлдырауы АҚШ-тағы қаржы дағдарысынан 9 ай, ал өнеркәсіп дағдарысынан бір ай бұрын басталды. Жалпы өнеркәсіптің құлдырауы Ресейде ғана емес, Грекияда, Францияда, Тәжікстанда, Данияда, Латвияда, Ирландияда, Ұлыбританияда, Норвегияда да АҚШ-тан ерте басталды», - дейді «Экономикалық талдаулар институты» қорының президенті Андрей Илларионов. Оның пайымдауынша, АҚШ әлемдік экономикалық дағдарыстың детонаторы, орталығы болды деген тұжырым шындыққа сай келмейді. Сондай-ақ өнеркәсіптің құлдырауы нарықтық реформаларға да байланысты емес. Мәселен, ол 2009 жылдың қаңтарында Ресейде - 13 ай, ал Қазақстанда 3 ай бұрын басталғаны белгілі болып отыр.