АҚШ армиясының жауынгерлері Ауғанстанда мешіт имамын қателесіп атып өлтірді - Associated Press

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - АҚШ армиясының жауынгерлері Ауғанстанда жергілікті мешіттердің бірінің имамын қателесіп атып өлтірді.

АҚШ   армиясының  жауынгерлері Ауғанстанда мешіт имамын  қателесіп  атып өлтірді  - Associated Press

Оқиға НАТО күштерінің Кабул маңында орналасқан Camp Phoenix әскери базасына жақын жерде орын алды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Ұлымен бірге кетіп бара жатқан 36 жастағы имам Мохаммед Жүністің машинасына, имам тас жолға шығып, әскери патрульге жақындаған кезде оқ жаудырылған. Имамға төрт оқ тиіп, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Имамның артында екі жесірі мен 10 баласы қалды.

Куәгерлердің айтуынша, американдық жауынгерлер ескерту жасамастан, бірден дәлдеп оқ ата бастаған.

НАТО-ның ресми өкілдерінің айтуынша, қаза болғанның отбасына жәрдемақы төленетін болады.

Әскерилер сондай-ақ, Camp Phoenix базасының төңірегінде жанкештілердің әскери патрульдерге қарсы шабуылдары жиі болып тұратынын айтып, ақталуда.