АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы кенеттен өртеніп кетті. Бұл туралы Анадолы жазды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, барлық жолаушылар дер кезінде эвакуацияланған.
Америка шенеуніктері адам өміріне қауіп жоқ екенін растады.
CNN хабарына сәйкес, Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында Boeing 737 бортындағы өрттен зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға байланысты тергеу басталған.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндірумен айналысып жатқан кезде ұшақтан қою түтіннің көтерілгенін көруге болады.
Бұған дейін АҚШ-та жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқанын жазған едік.
Қоса кетейік, ақпан айында Филадельфияда санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан 7 адам қаза тапқан.