12:42, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
АҚШ Ауғанстандағы қолбасшысын ауыстырды
КАБУЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – НАТО және АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Дэвид Маккирнан қызметінен ауыстырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің пікірінше, тәліптерге қарсы күресте «жаңаша ойлау мен жаңа тәсілдердің» қолданылуына байланысты осы шешімді қабылданған.«Бүгінгі күні біздер өзіміздің жаңа президентіміз әзірлеген және мақұлдаған саясатты басшылыққа аламыз. Қазіргі уақытта бізде ? жаңа саясат, жаңа стратегия және жаңа елші. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге жаңа қолбасшылықтың қажет екендігіне сенімдімін», ? деді Гейтс.Маккирнанның орнына Пентагондағылардың пікірінше Ауғанстандағы жанжалдың мәнін жете түсінетін генерал Стэнли Маккристал тағайындалды.Бұл ауыстыру Вашингтон Ауғанстанда өз әскери қызметшілерінің санын арттыру және осы елдегі соғыс іс-қимылдарының жаңа стратегиясын әзірлеу сәтінде орын алды.АҚШ президенті бұл шешімді мақұлдады.