АҚШ азаматтық құқық қозғалысының өкіл анасы қайтыс болды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та 98 жасында Мартин Лютер Кингпен бірге қара нәсілділердің азаматтық құқығы қозғалысының негізін салушы Доротии Хайт қайтыс болды. 40 жыл бойы ол Негр әйелдерінің ұлттық кеңесін басқарған. Нәсілдердің тең құқықтығы мен американ армиясының бөлектеуіне қарсы күрескен. Дуайт Эйзенхауаэрден бастап американың барлық президенттерімен кездескен.

АҚШ азаматтық құқық қозғалысының өкіл анасы қайтыс болды

Хайт АҚШ-тың екі ең елеулі марапаты - Конгрестің алтын медалі мен президенттік бостандық медаліне ие болды. АҚШ президенті Барак Обама оны азаматтық құқық қозғалысының өкіл анасы деп атады.