03:18, 04 Маусым 2014 | GMT +5
АҚШ азаматы тиранозаврдың қаңқасын елге әкелгені үшін сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк соты Вирджиния штатының тұрғыны Эрика Прокопиді Моңғолиядан АҚШ-қа тиранозаврдың қаңқасын заңсыз әкелгені үшін үш ай мерзімге түрмеге отырғызды.
Тергеушілердің деректеріне қарағанда, сүйектер АҚШ-қа 2010 жылы наурызда Ұлыбританиядан әкелінген. Прокопи америкалық кеден органдарына қаңқа Ұлыбритания аумағында қазылып алынған, құны бар-жоғы 15 мың доллар деп мәлім еткен. Бірақ 2012 жылы ол Нью-Йорктегі Heritage аукционында 1,05 миллион долларға сатылған. Артынша Моңғолия үкіметі бұл сауданың заңдылығына шек келтірген. Өткізілген тексеру жұмыстарынан кейін қаңқа осы елге қайтарылды.
Тираннозаврдың қалдығы Моңғолия аумағындағы Гоби шөлінен табылған болып шықты. Палеонтологиялық сараптау, оны сегіз жыл бұрын жерден қазып алынғанын анықтады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.