АҚШ экономикасы терең дағдарыста

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ – АҚШ-та 2008 жылдың төртінші тоқсанындағы экономикалық дамудың алдын-ала қорытындылары шығарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Экономистер елдің ішкі жалпы өнімі осы кезеңде 3,8 пайызға қысқарған деп санайды. Бұдан арғы тексеру көрсеткіштің 5 пайызға дейін жететінін жоққа шығрмайды.АҚШ-тың ішкі жалпы өнімін 70 пайызға дейін қалыптастыратын тұтынушылар сұранысы төмендеуде. Сауда министрлігінің деректеріне сай автомобиль, жабдықтар мен жиһаздар рыногы айтарлықтай зардап шеккен ? төртінші тоқсанда сату 22,4 пайызды құрады. ІЖӨ-нің 2008 жылғы жалпыжылдық көрсеткіші 1,3 пайызға бағалануда және 1981 жылдан кейінгі ең төмен көрсеткіш болып табылады. Сарапшылар 2009 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық құлдырау шыңына жетеді деп күтуде.
Соңғы жаңалықтар