АҚШ елшілігінің өкілдері мерекеге орай Қазақстан әнұранын орындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері әлеуметтік желіге құттықтау бейнеролигін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

АҚШ елшілігінің өкілдері мерекеге орай Қазақстан әнұранын орындады

Бейнеролик Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ресми Facebook-парақшасында «Достық күші - бірлікте!» деген атаумен жарияланды.

Онда АҚШ елшісі Джордж Кролл мен елшіліктің өзге де қызметкерлері домбыраның сүйемелдеуімен ҚР Республикасының Мемлекеттік гимнін орындады.

Айта кетейік, АҚШ - тәуелсіз Қазақстан Республикасында елшілігін ашқан алғашқы мемлекет. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылы 25 желтоқсанда орнады.