АҚШ Елшісі Қазақстан халқына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол Елшіліктің ресми сайты арқылы Қазақстан халқына көңіл айтты.

АҚШ Елшісі Қазақстан халқына көңіл айтты

«Бұл күні Америка Қазақстанмен бірге, елдің қайғысына ортақ», - деді Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Джордж А. Крол өз сөзінде.
«Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының миссиясы мен Америка халқының атынан Қазақстан халқына, әсіресе 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында қаза тапқан мағынасыз шабуылдың құрбандарының отбасыларына көңіл айтқым келеді. Мұндай зорлық-зомбылық дін мен ұлтты таңдамайды, бірақ бүкіл адамзатқа қарсы болып есептеледі. Бүкіл әлем Қазақстанның халқымен бірге қайғыны бөлісіп, мұндай зомбылық әрекеттерді алдын ала болдырмау әрекеттеріне қосылады», - делінген Елшінің көңіл айту хабарламасында.
Еске сала кетсек, бүгін, 2016 жылдың 9 маусымында Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бүкіл ел бойынша көңіл көтеретін шаралар тоқтатылып, БАҚ көңіл көтеру материалдарынан бас тартты.