АҚШ елшілігі қазақстандықтарға визаның қолданылу мерзімі туралы түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM –  АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтар арасында жиі қойылатын сұраққа жауап берді. 

АҚШ елшілігі қазақстандықтарға визаның қолданылу мерзімі туралы түсініктеме берді
Фото: kz.usembassy.gov

Жиі қойылатын сұрақтың бірі  «Визам бар, бірақ АҚШ-та қанша уақыт бола аламын?»

Дипмиссияның түсіндіруінше, шетелдік азаматтың АҚШ-та болу мерзімі виза мерзімімен емес, елге кірген кезде Кеден және шекараны қорғау қызметі қызметкері белгілейтін уақытпен анықталады.

— АҚШ-қа келген шетел азаматының елде қанша уақыт бола алатынын визаңыздың мерзімі емес, елге кірген сәтте Кеден және Шекараны бақылау офицері белгілейді. Елде қанша уақыт бола алатыныңызды білу үшін I-94 құжатыңыздағы күнді i94.cbp.dhs.gov тексеріңіз, — делінген түсіндірмеде.

Бұған дейін АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметі елде тұруға немесе жұмыс істеуге өтініш берген адамдарды «антиамерикандық көзқарастарға» тексеру саясатын енгізген болатын. Бұл әлеуметтік желілердегі жазбаларды да бақылауды қамтиды.

Жаңа талаптар иммиграциялық құқық қорғаушылар мен заңгерлер арасында алаңдаушылық туғызды.

Айта кетейік, биыл АҚШ Мемлекеттік департаменті Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттерге қатысты қатаң саясаты аясында алты мыңнан астам студенттік визаны жойған

Соңғы жаңалықтар