АҚШ футбол жанкүйерлері үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

АСТАНА. KAZINFORM — Трамп әкімшілігі футбол жанкүйерлеріне АҚШ визасын алуға өтініштерді өңдеуді жеделдетуге көмектесетін FIFA Pass бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды NBC News.

США упрощают получение визы для футбольных фанатов
Фото: soccerwire.com

FIFA Pass бағдарламасы FIFA арқылы әлем чемпионатына билеттер сатып алғандар үшін әңгімелесуден өтуді жеделдетіп, АҚШ туристік визасын алуға мүмкіндік береді. 

— Егер әлем чемпионатына билетіңіз болса, визаны басымдықпен ресімдей аласыз, — деп хабарлады FIFA президенті Джанни Инфантино дүйсенбі күні жаңа жүйені түсіндіру үшін Сопақ кабинетте Трамппен кездескен кезде.

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио әкімшілік виза беруге көмектесу үшін бүкіл әлем бойынша 400-ден астам қосымша консулдық қызметкерін жібергенін және әлем елдерінің шамамен 80%-ының азаматы 60 күн ішінде виза алу үшін жазыла алатынын мәлімдеді. 

Келесі жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде Канада, Мексика және АҚШ-та 104 матч өтеді. Трамп футболдан әлем чемпионатын өткізуді өзінің басты басымдығы етіп белгіледі.

Осыған дейін 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар