АҚШ ғалымдары жүрегіне ота жасатқан адамға ең керегі не екенін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мичиган университеті ғалымдары жүргізген зерттеу жұмысына кардиохирургия бөлімінде ем алып жатқан 1576 пациент қатысты. Зерттеу жүргізілген мерзімде олардың 65 пайзы некеде, 12 пайызы ажырасқан, 21 пайызы жесір, 2 пайызы тұрмыс құрмаған еді. Ғалымдар қатысушылардан жүрек отасынан кейін сұрақ-жауап алып, біршама уақыт зерттеу жүргізді, деп жазады The Daily Mail.
None
None

Зерттеу нәтижесі бойынша, отадан кейін күтіміне байланысты отбасылы пациенттердің тек 19 пайызы ғана дүниеден озса, ажырасқандардың 29 пайызы, жесірлердің 34 пайызы, бойдақтардың 20 пайызы қайтыс болып кеткен. Әсіресе, ажырасқандардың 40 пайызы жүрек отасынан кейін 2 жылдан соң мерт болған.

Осыдан кейін мамандар, отбасылы адамдарға жүрек отасынан кейін бір біріне жәрдем беріп, көмектесуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар