08:35, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
АҚШ Иран проблемасын шешудің пәрмендік нұсқасын әзірледі
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының штаб басшысы генерал Дэвид Петреус, АҚШ-тың ирандық ядролық нысандарға соққы беру жоспары бар екенін мәлім етті,

деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Оқиғаның осылай өрбу мүмкіндігі мен күтпеген жағдайлар туындағанда жасалатын әрекеттердің барлық нұсқасын ойластырмау Орталық қолбасшылық үшін төтенше жауапсыздық болған болар еді», - деп мәлім етті генерал Петреус.
Оның айтуынша, американдық әскерилер аймақтағы жағдайдың барлық ықтимал нұсқаларын қарап шықты. Егер, дипломаттардың күш-жігерлері мен экономикалық санкциялар нәтиже бермейтін болса, американ армиясы ирандық ядролық проблеманы күшпен шешудің бірнеше нұсқасын әзірлеп отыр, деп атап көрсетті Петреус.