Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды нысанаға алды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қарулы күштері Иран аумағына соққы жасауды 13-ші түн қатарынан жалғастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС

АҚШ Иранға 13-түн қатарынан соққы жасап жатыр
Фото: x.com/@CENTCOM

Орталық қолбасшылықтың мәліметінше, америкалық әскери күштер Иран аумағына кезекті соққыларын аяқтаған.

CENTCOM хабарлауынша, шабуылдың негізгі нысаналары басқару бекеттері, ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған орындар, жағалаудағы бақылау бекеттері, сондай-ақ Иранның әскери-теңіз күштеріне тиесілі нысандар мен әскери құралдар болған.

Бұған дейін Иран төңірегіндегі әскери ахуалдың соққылардың жалғасуы, өзара қоқан-лоққылар және АҚШ әскери операциясының кеңеюі мүмкін екені туралы хабарламалар аясында одан әрі шиеленісіп келе жатқаны хабарланған. 

Айта кетелік АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді