АҚШ Иранға қарсы мұнай санкцияларын уақытша тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — Құрама Штаттар Швейцарияда Тегеран шенеуніктерімен келіссөз жүргізгеннен кейін Иран мұнайына салынған санкцияларды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Newsmax

АҚШ Иранға қарсы мұнай санкцияларын уақытша тоқтатты
Фото: shippingtelegraph.com

АҚШ Қаржы министрлігі Ислам Республикасына шикі мұнай мен онымен байланысты өнімдерді өндіруге, сатуға және тасымалдауға 21 тамызға дейін мүмкіндік беру үшін Иранға қатысты санкцияларды уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент санкцияларды тоқтата тұрудың себебі ретінде Тегеранның келіссөз барысында Ормуз бұғазы арқылы «еркін және ашық транзит» қағидатына бейілділігін, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) инспекторларының елге кіруіне рұқсат бергенін атады. 

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи дүйсенбі күні «ядролық мәселе бойынша өте қысқа талқылау өтті, бірақ егжей-тегжейлі талқыланған жоқ» және ядролық келіссөз әлі басталмағанын мәлімдеді.

Осы арада АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеран МАГАТЭ инспекторларын «өз еліне қайтаруға» келіскенін жариялап, мұны «маңызды кезең… және Иранды толық ядролық қарудан тазартудың алғашқы қадамы» деп атады.

Келісім аясында Тегеран Вашингтоннан санкцияларда белгілі бір жеңілдік алатыны, сондай-ақ активтердің мұздату алынып тасталуы тиіс. 
Вэнс активтер әлі мұздатылған күйінде екенін және алынып тасталған жағдайда олар терроризмді қаржыландырудың орнына майбұршақ сияқты америкалық тауарларды сатып алуға пайдаланылатынын айтты. Ол мұны «Трамптың классикалық келісімі» деп атап, «егер ирандық активтер әлдеқашан алынса, олар америкалық фермерлерді байыту және Иран халқын тамақтандыру үшін пайдаланылатынын» айтты.

Осыған дейін Иран Ормуз бұғазында қақтығыс болдырмау үшін байланыс арнасын құруға келіскені хабарланды.