АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар енгізді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қаржы министрлігі Иранмен байланысты топтарға қолдау көрсетіп, санкциялық шектеулерді айналып өтуге көмектесіп отырған тұлғалар мен компанияларға санкция салды, деп хабарлайды АҚШ Қаржы министрлігі.

р
Фото: U.S. Department of the Treasury / treasury.gov

Санкциялар тізіміне 14 жеке тұлға мен бес компания енгізілді. Шектеулер Ирак, Ливан, БАӘ және Түркиямен байланысты тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болды.

Сонымен қатар АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қатысты арнайы лицензия беруге арналған өтінімдерді қарау тәртібін қатаңдатқанын хабарлады. Ведомство сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, енді мұндай лицензияларды беруден бас тарту қағидаты қолданылады.

Заң талап ететін жағдайларда, сондай-ақ адам өміріне, денсаулығына немесе экологиялық қауіпсіздікке қатер төнген кезде ғана ерекшелік қарастырылған.

Бұған дейін АҚШ Иранға қатысты операцияларға байланысты түрік банкіне санкция салғаны хабарланған болатын.

Айта кетелік сегіз мұсылман елі Ұлыбританияның Израильге қарсы санкциясын қолдады