Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ Иранға жасалған кезекті соққылардың аяқталғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағына жасалған кезекті соққылар легінің аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ Иранға жасалған кезекті соққылардың аяқталғанын мәлімдеді
Фото: U.S. Central Command


CENTCOM-ның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде тоғызыншы кеш қатарынан жүргізілген соққылар операциясының аяқталғаны айтылған.

Қолбасшылықтың мәліметінше, шабуыл барысында басқару орталықтары, жағалауды бақылау нысандары, әуе қорғанысы жүйелері, әскери-теңіз күштерінің құралдары, сондай-ақ зымырандар мен дрондар орналасқан орындар нысанаға алынған.

Бұған дейін 19 шілдеде CENTCOM америкалық әскери күштердің Иран аумағына кезекті соққылар сериясын бастағанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы АҚШ шығындарын Ауғанстан мен Вьетнамдағы шығындармен салыстырған еді.