АҚШ-қа қалың қар түсті

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың шығыс жағалауларында жауған қалың қардан бес адам мерт болды.
None
None

Вашингтондағы қозғалыс тоқтап қалды, көптеген авиарейстер кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.

Кейбір аймақтардағы қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жеткен, бұл соңғы 10 жыл ішіндегі ең қатты жауған қар болып отыр.

Бес адам қар боранының құрбаны болды.

Төрт штатта көлік жүйесі толықтай істен шыққан. Вирджинияның, Мэрилендтің, Батыс Вирджинияның және Делавэрдің губернаторлары, сондай-ақ Вашингтонның мэрі төтенше жағдай жариялады.

Соңғы жаңалықтар