АҚШ-қа заңсыз барған мигранттар кепілдікпен босатылу мүмкіндігін пайдалана алмайды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттар оларды депортациялау мәселесі шешілмейінше, кепілдікпен босатылу мүмкіндігін пайдалана алмайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі News.am-ге сілтеме жасап.

Нелегальные иммигранты в США лишены права на освобождение под залог
Фото: cato.org

Миграция және кеден полициясы басшыларының өз ведомстволарына жолдаған жаңа ережесі АҚШ-тың Әділет министрлігі мен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің заңсыз мигранттарды кепілдікпен босатуға қатысты саясатының өзгергенін көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамада заңсыз келген мигрантарды депортациялау мәселесі шешілгенше, арнайы орталықтарда ұстау мәселесі қарастырылған. Алайда тәжірибеде ол осы күнге дейін тек АҚШ-қа келгеннен кейін заң бұзған адамдарға қатысты ғана қолданылып келген.

Ауыр қылмыс жасаған мигранттарға да кепілдікпен босатылуға тыйым салынған.

Енді осы заң АҚШ-та болу мерзіміне қарамастан барлық мигранттарға қатысты қолданылатын болады. Кей жағдайда ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілуі мүмкін, бірақ бұл мәселе бойынша шешімді сот емес иммиграция офицері қабылдайды. Депортациялау ісіне, апппеляцияны қосқанда бірнеше күн кетуі мүмкін.

Құқық қорғаушылар соттардың ел көлемінде кепілдікпен босату бойынша тыңдаулардан бас тартып жатқанын растады. Миграция және кеден полициясы АҚШ-та барлығы 200-ден астам мигранттарды ұстау орталықтарын басқарады.

Осыған дейін Трамптың заңсыз мигранттарды «өз еркімен елден шығару» бағдарламасын іске қосқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар