АҚШ, Қытай, Жапония мен Германия: Алматыдан 7 ірі қалаға тікелей рейс ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Алматы халықаралық әуежайы жаңа 7 бағытқа әуе рейстерін тасымалдауды бастамақ.

самолет
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Енді қазақстандықтар Франкфурт (Германия), Шанхай (Қытай), Гуанчжоу (Қытай), Мумбай (Үндістан), Чэнду (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония) қалаларына Алматыдан тікелей ұшып бара алады. Бұл бағыттарға туристерді тасымалдау 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Нәтижесінде шетелдік туристердің саны 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін артып, тағы 25,1 мың туризм саласының мамандары жұмыспен қамтылуы мүмкін.

Дәл қазір жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға орналастырылды. Ол 19 ақпанға дейін жалғасады.

Осыған дейін Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері қашан ашылатыны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар