АҚШ Конгресі Трампты 60-шы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Конгресі Трамптың президенттік сайлаудағы жеңісін растады. Бұл туралы BBC хабарлады.

трамп
Фото: Andrea Izzotti; Eva Marie Uzcategui

Вице-президент Камала Харрис төрағалық ететін АҚШ Конгресі Дональд Трамп жеңіп шыққан президенттік сайлаудың нәтижелерін растады.

АҚШ Конституциясына сәйкес, вице-президент сайлаушылардың дауыстарын растау үшін Конгресстің екі палатасының бірлескен отырысының ресми төрағасы болуы керек. Бұл жолы төрағалық 2024 жылдың қарашасындағы президенттік сайлауда Дональд Трампқа жеңілген Камала Харриске бұйырды.

– Дональд Дж. Трамп, Флорида штаты тұрғыны 312 дауыс алды. Калифорния тұрғыны Камала Д. Харрис 226 дауыс алды, - деп мәлімдеді Харрис.

Ресми түрде АҚШ-та президентті сайлаушылар алқасы таңдайды. Кімге дауыс беретіндері қараша айында өтетін бюллетеньде анықталады. 

Айта кетейік, бұған дейін Харристің басшылығымен АҚШ Конгресі Трамптың сайлаудағы жеңісін растайтынын хабарлаған едік. 

Сайлаушылар алқасы да АҚШ президенті сайлауының нәтижелерін растады. 

Соңғы жаңалықтар