АҚШ Конгресі Майкл Джексонның сіңірген еңбегін тану туралы қарар қабылдамайтын болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжаттың жобасында «Американың аты аңызға айналған азаматының, музыка әлемінің таңдаулысы әрі әлем гуманисінің» қайырымдылық істері баян етілген.
Шейла Ли ханымның бұл бастамасы республикашыл-сенатор Питер Кингтің тарапынан ашық наразылық туғызып отыр, сенатор қарар жобасын үзілді-кесілді сынап, әншіге көзі тірісінде тағылған айыптарды алға тартып, интернетке бейнежазба орналастырған.
Қарар жобасына деген теріс көзқарастарын бірқатар демократтар да білдіріп қалды, олар бұл шараны назарды басымдықты мәселелерден бос мәселелерге аудару деп отыр.
«Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелози ханым бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, заң шығарушылардың өздерінің жеке көңілдерін білдіруге құқылы екенін, бірақ бұл мәселе бойынша қарар қабылдау міндетті емес екенін мәлім етті.