АҚШ Конгресі СШҚ-3 келісімшартын мамыр айының басында қарауды бастайды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Барак Обаманың әкімшілігі келесі айдың басында стратегиялық шабуыл қаруларын (СШҚ-3) одан әрі қысқарту туралы жаңа ресей-американдық келісімшартын АҚШ Конгресінде қарауды жоспарлауда. Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақтарды бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Эллен Тошер хабарлады.

АҚШ Конгресі СШҚ-3 келісімшартын мамыр айының басында қарауды бастайды

Ресей және АҚШ саяси ортасының арасында Прагада қол қойылған келісімшарттан кейін оның ратификациялануы қаншалықты жеңіл болатындығы туралы пікірталас өрбіген еді.