АҚШ латынамерикалық есірткі картельдеріне қарсы қосымша шаралар қарастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Латын Америкасы елдеріндегі есірткі картельдеріне қарсы күрес аясында қосымша әрекет нұсқаларын қарастырып жатыр. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт журналистерге арналған тұрақты брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
— АҚШ президенті Дональд Трамп есірткі картельдеріне қатысты қосымша шаралар қабылдауға барынша мүдделі және ол бұл туралы ашық айтып жүр, — деді Ливитт тиісті сұраққа жауап бере отырып.
Ақ үйдің баспасөз хатшысының айтуынша, «(Трамптың) ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасы ықтимал әрекет нұсқаларын үнемі талқылап отырады».
— Ол (Трамп) бұл бағытта бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады, сондай-ақ ода қосымша нұсқалар да бар. Бұл мәселеге қатысты шешімді тек президент қана қабылдай алады, — деп атап өтті Ливитт.
Бұған дейін «USS Gerald R. Ford» бастаған ұшақ тасығыштар тобы Трамп әкімшілігінің есірткі саудасына қарсы шаралары аясында АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығының бақылау аймағына, яғни Кариб теңізінің солтүстігіне келгені хабарланған.