АҚШ Мексикамен шекарада жаңа қосымша қабырға тұрғызып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ оңтүстік-батыс шекарасында Мексикамен екі елді бөліп тұрған қазіргі темір қоршауды күшейту мақсатында жаңа «қосымша» қабырға салуға кірісті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Ұзындығы шамамен 7 миль (11 шақырым) болатын қабырға Нью-Мексико штатында бой көтеріп жатыр және бұл — шекарадағы «маңызды» олқылықтарды жабу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операцияларды жақсарту жоспарының бір бөлігі екені АҚШ Кеден және шекара қызметінің мәлімдемесінде айтылған.
Маусым айында АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Аризона мен Нью-Мексико штаттарында шамамен 36 миль (58 шақырым) жаңа шекаралық қабырға салуға жаңа рұқсат берген болатын.
Бұған дейін АҚШ-қа заңсыз барған мигранттар кепілдікпен босатылу мүмкіндігін пайдалана алмайтыны хабарланды.