АҚШ Мемлекеттік департаменті бірқатар елшіліктер мен консулдықтарды жабу мәселесін қарастырып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Трамп әкімшілігі 10 елшілік пен 17 консулдықты жабу, сондай-ақ бірнеше шетелдік миссия қызметкерлерін қысқарту немесе біріктіру жоспарын қарастырып отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

АҚШ Мемлекеттік департаменті бірқатар елшіліктер мен консулдықтарды жабу мәселесін қарастырып отыр
Фото: Рүстем Кожыбаев/ Kazinform

Ведомствоның қызметтік хатында барлық континенттердегі американдық дипломатиялық қатысудың қысқаруы сипатталған, The New York Times онымен танысып өтті. 

Қысқарту президент Дональд Трамптың үкіметтегі федералдық шығындарды қысқарту, сондай-ақ Мемлекеттік департамент шығындарының шамамен 50% қысқарту жоспарларына сәйкес келеді.

Меморандум жабуды ұсынып отырған алты елшілік Африкада орналасқан: Орталық Африка Республикасы, Эритрея, Гамбия, Лесото, Конго Республикасы және Оңтүстік Судан. Меморандумда олардың функцияларын көршілес елдердегі елшіліктерге беру ұсынылды. 

Сонымен қатар Еуропада – Люксембург пен Мальтадағы екі шағын елшілікті, сондай-ақ Гренада мен Мальдив аралындағы дипломатиялық миссияларды жабу ұсынылып отыр. 
Жабылуы ұсынылатын консулдықтардың көпшілігі Еуропада орналасқан. Францияда бес консулдық бар: Бордо, Лион, Марсель, Ренн және Страсбургте.

Екеуі Германияда – Дюссельдорф пен Лейпцигте. Тағы екеуі Босния мен Герцеговинада – Мостар мен Баня-Лукеде. 

Меморандумда сонымен қатар Салоникидегі (Грекия), Флоренциядағы (Италия), Понта-Делгададағы (Португалия) және Эдинбургтегі (Шотландия) консулдықтарды жабу ұсынылды. Құжат Еуропадан тыс жерде орналасқан тағы төрт консулдықты жабуды ұсынады: Дуалада (Камерун), Меданда (Индонезия), Дурбанада (Оңтүстік Африка) және Пусанда (Оңтүстік Корея).

Сондай-ақ Сомали астанасы Могадишодағы АҚШ елшілігінің қатысуын айтарлықтай қысқарту немесе толығымен жою, Ирактағы Бағдад дипломатиялық қолдау орталығын жабу, сонымен бірге Бағдад пен Эрбилдегі дипломатиялық өкілдіктер шығындарын бір мезгілде қысқарту ұсынылып отыр. 

Құжат Жапония мен Канада сияқты бірнеше консулдық мекемесі бар елдерде консулдық жұмысты біріктіруді ұсынады. 

Алайда жаңа ұсынылған қысқарту Құрама Штаттардың Қытайға маңызды дипломатиялық кеңістікті, соның ішінде Вашингтонның Бейжіңге қарағанда көбірек қатысуы бар әлемнің бөліктерін беріп, Американың ұлттық қауіпсіздігіне, соның ішінде барлау мәліметтерін жинауға қауіп төндіретініне қатысты алаңдаушылық тудырды. 

Бұған дейін Трамп әкімшілігі климаттық зерттеулерге бөлінетін қаржыны қысқартқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар