АҚШ Мемлекеттік департаменті «C5+1» бастамасының 10 жылдығына орай іскерлік конференция өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік департаменті Кеннеди орталығымен бірлесіп «C5+1» бастамасының 10 жылдығына арналған іскерлік конференция өткізеді, деп хабарлайды елдің басты сыртқы саяси органы. 

АҚШ Мемлекеттік департаменті «C5+1» бастамасының 10 жылдығына орай іскерлік конференция өткізеді
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

АҚШ Мемлекеттік департаменті «C5+1» дипломатиялық платформасы 2015 жылы іске қосылғаннан бері Құрама Штаттар мен Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқанын атап өтті.

Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, сенатор Стив Дэйнс, президенттің арнайы өкілі Ричард Гренелл, АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор және Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур баяндама жасайды. Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау компания басшыларымен пленарлық панельдік талқылау өткізеді.

Мемлекеттік департамент бұл «C5+1» елдерінің жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктері мен бизнес көшбасшылары он жылдық жемісті ынтымақтастықты атап өту және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту үшін бас қосатын тарихи оқиға екенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп 6 қараша күні түстен кейін Дональд Трамп Ақ үйде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттерімен жеке кездесетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар