АҚШ мықты құрама болғанымен, бізде де мүмкіндік бар – Елена Рыбакина

АСТАНА. KAZINFORM – Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында АҚШ құрамасымен өтетін матч алдында өз ой-пікірімен бөлісті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисшінің мәлім еткеніндей, дайындық ойдағыдай өтіп жатыр.

- Әр турнирге әзірлік мен үшін бірдей деуге болады. Америкада мен көп матч өткіздім, бұл, әрине, жақсы. Нью-Йоркта аздаған жарақат алдым, сондықтан қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Бірнеше күннен бері осындамыз. Алда әлі екі күн бар, сондықтан бәрі қалыпты, - деді Рыбакина. 

Қарсыластарға тоқталған теннисші АҚШ құрамасының деңгей өте жоғары екендігін айтты. 

- АҚШ-тың әлемдегі ең мықты командалардың бірі екендігі анық. Пегулаға талай рет қарсы келдім. Наварромен де оңай болған жоқ. Әрине, командалық жарыстың өз ерекшелігі бар, қысым да, психология да басқаша. Дегенмен бізде де мүмкіндік бар, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деп жазды Е.Рыбакинаның сөзін ҚТФ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ командасымен бәсекеде барын салатыны жөнінде айтқанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар