АҚШ миссионерлері гаитилік балаларды ұрламақ болды деп айыпталып отыр
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Гаитидің Доминикан Республикасымен шекарасында 33 гаитилік баланы ел аумағынан заңсыз әкетпек болған кезде қамауға алынған 10 АҚШ азаматына 15 жыл түрме қаупі төніп тұр.
Кеше, бейсенбі күні гаитилік өкімет оларға балалар ұрлады және қылмыстық ымыраласты деген айыптар тақты. Си-Эн-Эн және Эй-Би-Си телекомпанияларының хабарлауынша, Айдахо штатынан келген миссионерлерді жергілікті заң бойынша 15 жыл түрме күтіп тұр. Қылмыстық ымыра үшін 9 жыл жаза қарастырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сот үш айға дейін созылуы мүмкін. Американдықтардың айтуынша, олар ата-анасыз қалған балаларды әкетіп бара жатқан. Бірақ та, бұл әңгімелерін растайтын қолдарында құжаттары болмаған. Топқа ілескен аудармашылар, миссионерлердің балалардың ата-аналарымен әңгімелеріне қатысқандарын айтуда. Кейбір ата-аналар кейіннен, олар өз балаларын американдықтарға қуана бергендерін, себебі олар балаларына жақсы жағдай жасауға, қалаған кездерінде балаларды ата-аналарымен көрістіруге уәде бергендерін айтқан.