АҚШ: Нұсқаушысын атып өлтірген 9 жасар қызға айып тағылмайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық билік атыс жаттығуы нұсқаушысына абайсызда оқ дарытқан он жасар қыз баланы жазаға тартпайтынын мәлімдеді.
None
None

39 жастағы Чарльз Вакканың өлімі өндірістегі жазатайым оқиға ретінде қаралуда, деп мәлімдеді Мохавк округінің билігі.

Вакка Аризон штатындағы атыс алаңында кішкентай қызға қаруды қолдануды үйретуден сабақ берген. «Узи» тапанша-пулеметін қолына алған қыз нысананы көздеп оқ ата бастаған. Алайда қарудың серпіні күшті болуы себепті бүлдіршін қаруға ие бола алмай, оқ нұсқаушыға тиеді. Ол Лас-Вегаста ауруханада қайтыс болды.

Атыс алаңына қыз ата-анасымен келген болатын, олар болған қайғылы жағдайға өз көздерімен көрді.

Көптеген америкалық штаттарда балаларды қару қолдануға жастайынан үйретеді, алайда әдетте атыс алаңында қауіпсіздіктің қатаң қағидасы бар, оны сақтаған жағдайда, мұндай жағдайлар орын алмас еді.

Соңғы жаңалықтар