19:19, 23 Шілде 2015 | GMT +5
АҚШ: Оклахомада екі жасөспірім бір үйдің бес адамын пышақтап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Оклахома штатының полициясы тұрғын үйден бес адамның мәйітін тапқанын хабарлады, деп жазды Associated Press.
Полиция ақпаратынша, қылмысқа 16 және 18 жастағы жеткіншектердің қатысы бар деген күдік бар.
Жанұяның бес мүшесі пышақ жарақаттарынан мерт болды, бір қыз жарақаттанған, ал бір нәресте дін аман.
Жасөспірімдер оқиға орнынан ізін жасырып үлгергенімен, полицейлер оларды қолға түсірді.