АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз 28 қыркүйекте өтеді — БАҚ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ пен Иран арасындағы кезекті жанама келіссөздер 28 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп Пезешкиан
Фото: Kazinform / ЖИ

ТАСС Axios-қа сілтеме жасап хабарлағандай, АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келіссөздердің келесі аптада жалғасуын күтіп отырғанын мәлімдеді.

— Келесі аптада Иранмен кезекті келіссөздер өтеді деп күтіп отырмын. Олар келісім жасағысы келеді, бірақ бұл мен келісе алатын келісім емес, — деді Трамп.

ТАСС агенттігінің жазуынша, АҚШ пен Иран арасындағы кезекті жанама келіссөздер 28 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бір аптаға атысты тоқтату және Ормуз бұғазын ашу туралы ұсынысын қабылдамағанын растаған болатын.