Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп елде халықаралық клиника салуды жоспарлап отыр

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял генерального директора Ashmore Group Марка Кумбса
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Президентке Ashmore Healthcare International компаниясы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-інің бірлесіп, Қазақстанда халықаралық клиника салу жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл бастамаға әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген. Мемлекет басшысы Үкіметтің аталған маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады
Фото: Ақорда

Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды. 

Сонымен қатар, экономиканың басымдыққа ие және жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективасы жайында пікірімен бөлісті.

Бұдан бұрын Президент U.S. International Development Finance корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум