АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында көшбасшы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Шанхайдағы жасанды интеллект бойынша Дүниежүзілік конференцияда Қытайдың ғылыми және технологиялық ақпарат институты мен Пекин университеті дайындаған жасанды интеллект инновациясының жаһандық индексі туралы баяндама ұсынылды, - деп хабарлайды ТАСС.

Жасанды интеллект болашақта адамзатқа қызмет ете ме әлде әмірін жүргізе ме
Фото: Midjourney

Баяндама авторлары бес критерий бойынша 46 елді зерттеді: негізгі қолдау, даму ресурстары мен ортасы, ғылыми және технологиялық зерттеулер мен әзірлемелер, өнеркәсіп және инновацияларды қолдану, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас. Елдер 39 көрсеткіш бойынша талданды, олардың әрқайсысы үш деңгейлі жүйе бойынша бағаланды.

Мәліметке сәйкес, АҚШ пен Қытай ЖИ бойынша әлемде үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр. Зерттеушілердің айтуынша, ЖИ чиптерін, жоғары білікті мамандарды, жетекші ғылыми журналдардағы мақалаларды және негізгі ЖИ модельдерін шығаратын компаниялардың көпшілігі осы елдерде.

АҚШ 100 ұпайдан 77,97, Қытай 58,01, Ұлыбритания 36,60 ұпай жинады.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Жапония (33,77), Корея Республикасы (33,48), Германия (32,22), Сингапур (31,57), Франция (30,98), Канада (29,79) және Үндістан (29,41) кірді. Ресей 17,49 ұпаймен 30-орынға тұрақтады.

Шанхайда өткен дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы биыл 26-28 шілдеде өтеді. Ол 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл алаң Шанхайда жасанды интеллект саласындағы ірі салалық көшбасшыларды жинайды. Оған ірі компаниялардың басшылары, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады. Олар өзара байланыс орнатады және жасанды интеллект технологияларын дамыту мен қолданудың одан әрі жолдарын талқылайды.

Қазақстандық ЖИ енді видеоны 5 тілге аударып, ұлттық нақышта сурет салатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар