АҚШ пен Украина Швейцарияда бейбіт келісім бойынша кеңесулерді бастайды

АСТАНА. KAZINFORM — Украина мен АҚШ өкілдері арасындағы болашақ бейбіт келісімнің мүмкін болатын параметрлері жөніндегі консультациялар жақында Швейцарияда бастау алады, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп Украинаға америкалық қару жеткізілетінін мәлімдеді
Фото: ABC News

Бұл туралы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы, бұрынғы қорғаныс министрі Рүстем Умеров Facebook желісінде хабарлады.

— Жақында Швейцарияда Украина мен АҚШ шенеуніктері арасында болашақ бейбіт келісімнің мүмкін болатын параметрлері бойынша консультациялар басталады. Украина бұл процеске өз мүдделерін нақты түсініп қатысады. Бұл соңғы күндерде жалғасып келе жатқан диалогтың тағы бір кезеңі саналады және ең бастысы алдағы қадамдар бойынша ортақ көзқарасты келісуге бағытталған, — деді Умеров.

Еске салсақ, Трамптың Украинадағы соғысты тоқтатуға арналған 28 тармақтан тұратын жоспарын Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың қатысуымен АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф әзірледі.

Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының барлық 28 тармағы жарияланды.

Әзірге алдын ала және өзгеруі мүмкін жоспар бейсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленскийге таныстырылды.

Бұған дейін Трамп Украина бойынша жоспарға қол қоюдың «ыңғайлы мерзімі» ретінде келесі бейсенбі — 27 қараша, Алғыс айту күнін белгілегені хабарланған болатын.

Осыдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде Украина айналасындағы дағдарысты шешудің басты қағидатын атады.

Сондай-ақ қазақстандық саясаттанушы Ресей — Украина мәселесінде Қазақстанның ықпалы қандай екенін айтып берді.

Соңғы жаңалықтар