АҚШ пен Ұлыбритания Париж саммитінде ЖИ декларациясына қол қоюдан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропадағы ең ірі жасанды интеллект мәселелері жөніндегі саммитте мемлекеттер ИИ-ді реттеу үшін қабылдауы тиіс шаралар талқыланды, бұл мүмкін болатын қауіптердің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды  ВВС.

АҚШ пен Ұлыбритания Париж саммитінде ЖИ декларациясына қол қоюдан бас тартты
Фото: Синьхуа

ЖИ реттеу туралы декларацияны Франция, Қытай, Аустралия, Жапония және Үндістанды қоса алғанда, 60 ел қолдады. Құжатта жасанды интеллект технологиясын дамытуға көзқарас «ашық», «инклюзивті» және «этикалық» болуы керек делінген. Сондай-ақ, саммитте ЖИ энергиясын тұтыну мәселесі алғаш рет талқыланғаны атап өтілді, сарапшылардың ескертуінше, ол алдағы жылдары шағын елдердің деңгейіне көтерілуі мүмкін.

Келісімге қол қоймаған елдердің қатарында АҚШ пен Ұлыбритания бар. 

Politico мәліметінше, АҚШ-тың «тұрақты және инклюзивті ЖИ» деген тұжырымға көңілі толмаған. Саммит барысында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Париждегі делегаттарға жасанды интеллектті шамадан тыс қатаң реттеу «жаңа дамып келе жатқан трансформативті саланы жойып жіберуі мүмкін» екенін айтты.

Париждегі саммитке қатысу – АҚШ-тың жаңа вице-президенті Джей Ди Вэнстың алғашқы шетелдік сапары. Оның айтуынша, жасанды интеллект – бұл «Трамп әкімшілігі жіберіп алмайтын мүмкіндік». Вэнс сондай-ақ «ИИ-дің өсуіне ықпал ететін саясат» қауіпсіздіктен басым болуы керек деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл үшін жасанды интеллекттің дамуына жол ашатын, «оны тұншықтырмайтын» реттеу қажет.

Вице-президент сонымен қатар еуропалық көшбасшылар «бұл жаңа шекараға үреймен емес, оптимизммен қарауы керек» деп қосты. 

Джей Ди Вэнстің сөздері Франция президенті Эмманюэль Макронның ұстанымына қайшы келеді. Ол Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен бірге саммиттің тең төрағаларының бірі және саланы көбірек реттеуді жақтайды. 

- Бізге ЖИ-ны дамыту ережелері қажет, - деп мәлімдеді Макрон саммитте. 

Ұлыбританияның ұстанымы 

Ұлыбритания бұрын ЖИ қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтерді: ел премьер-министрі Риши Сунак 2023 жылы осы тақырып бойынша әлемдегі бірінші саммитті өткізген болатын. 

Енді ел басшылығы келісімге қол қоюдан неліктен бас тартып отырғанына нақты жауап бермей отыр. 

Guardian ақпарат көзі Ұлыбритания бұл қадамға АҚШ-қа жағу үшін барды деген ұсынысты жоққа шығарды.

Full Fact фактчекинг ұйымындағы ЖИ бөлімінің жетекшісі Эндрю Дадфилд үкіметтің Париж коммюникесіне қол қоймау туралы шешімі Ұлыбританияның имиджіне қауіп төндіретінін мәлімдеді. 

Бұған дейін Франция жасанды интеллект секторына 109 млрд еуро жеке инвестиция тартуды көздеп отырғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар