АҚШ полициясы Браун университетіндегі шабуылға қатысы бар күдіктіні анықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Дереккөздердің мәліметінше, полиция Браун университетінде болған жаппай атысқа қатысы бар күдікті адамды қамауға алу туралы ордер шығарды, деп жазды ВВС. Бұл туралы тергеуге жақын дереккөздер BBC-дің америкалық серіктесі — CBS News телеарнасына хабарлаған.

АҚШ полициясы
Фото: Аmericanbutler

CBS дерегінше, қазір билік күдікті адамның өзін және ол жалға алған болуы мүмкін автокөлікті іздестіріп жатыр. Күдіктінің жеке басы әзірге жарияланған жоқ.

Сондай-ақ тергеушілер Браундағы атыс пен екі күннен кейін Массачусетс технологиялық институтының профессорының өлтірілуі арасында байланыс болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып отыр.

Іздестіру жұмыстары алтыншы күн қатарынан жалғасып келеді: тергеушілер үйлерді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қоғамнан да қылмыскерді табуға көмектесуді сұрап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тағы Браун университетіндегі атыс кезінде екі адам қаза тапқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар