АҚШ Президенті мен НАТО Бас хатшысы Ауғанстандағы бірлескен стратегияларын талқылады

БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - АҚШ Президенті Барак Обама мен НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сейсенбі, қыркүйектің 7-сінде Вашингтонда болған кездесуде Ауғанстандағы бірлескен стратегияларын және аймақтағы күш-жігерлерін әрі қарай күшейтудің жайын талқылады, деп хабарлады Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметінен.
None
None

Келіссөз барысында тараптар, елдегі бақылаудың ауғандық қауіпсіздік күштерінің қарамағына біртіндеп ауыстырылуын қамтамасыз етуге келісті. Одақтастар құқық қорғаушы құрылымдарының, армия мен арнайы қызметтердің өкілдерін оқыту жөніндегі күш-жігерін арттырулары қажет.

АҚШ-қа сапарының барысында Альянс Бас хатшысы сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен, қорғаныс министрі Роберт Гейтспен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джеймс Джонспен кездесулер өткізді. Тараптар қарашаның 19-20-сында Лиссабонда өтетін НАТО саммитіне дайындықтың барысын және Альянстың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын жариялау мәселесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар