АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді.

Trump's Special Envoy for South and Central Asia, Deputy Secretary of State arrive at Akorda
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келгені туралы хабарлаған едік. 

Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар