АҚШ прокуратурасы Майкл Джексонның дәрігеріне айып тағу ниетінде

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Американдық прокуратура Майкл Джексонның жеке дәрігері Конрад Мюррейге абайсызда адам өлтірді деген айып таққалы отыр,

АҚШ прокуратурасы  Майкл   Джексонның    дәрігеріне айып тағу ниетінде

деп хабарлады сәрсенбі күні «Ассошиэйтед Пресс » агенттігі сот органдарындағы аты аталмаған дерек көзге сілтеме жасап.

Дерек көздің айтуынша, прокуратура айыпталушыны сотқа беру немесе оның ісін жабу туралы мәселені алқабилер сотының қарауына бермей, дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғауы мүмкін.

Майкл Джексон 2009 жылы маусымның 25-інде 51 жасында қайтыс болды. Оның қазасына ауырсынуды басатын «Пропофол» дәрісінің шектен тыс дозасы себеп болған.

Мюррей Калифорния, Невада, Техас штаттарында жұмыс істейтін тәжірибелі дәрігер. Қайғылы оқиға болған кезде ол Джексонның қасында болған еді.

"Пропофол" ауруханаларда хирургиялық операциялардың алдында науқастарды ұйықтатып тастау үшін қолданылады. Ондай наркозды жасау тек тәжірибелі анестезиологтарға ғана сеніп тапсырылады.

Джексон көптеген жарақаттар мен пластикалық операциялардың салдарынан пайда болған созылмалы ұйқысыздық пен ауырсыну синдромдарын жеңу үшін күшті әсер ететін дәрілер қабылдап келген деген күдік бар.