АҚШ сәуір айында әлемге жаңа 100-долларлық ақшасын шығарады

АСТАНА. Наурыздың 9ы. ҚазАқпарат - 2010 жылғы сәуірдің 21-інде американдықтарға және бүкіл әлемге жаңа 100 доллардық ақша айналымға шықпақ.

АҚШ сәуір айында әлемге жаңа 100-долларлық ақшасын шығарады

Бұл туралы жаңа үлгідегі американдық банкнотты шығаруға арналған аранйы сайттың баспасөз баянында айтлған, деп хабарлады РБК агенттігі. Таныстырылымға АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнер, қазынашы Роза Риос және Федералдық резервтер жүйесінің төрағасы Бен Бернанке қатысады.

Жаңа купюра айналымға оның қорғау жүйесін жаңарту мақсатында шығарылғалы отыр. АҚШ-тың үкімет органдары осыған байланысты ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастыруда.

100-долларлық банкнот еркін айналымда жүрген ақшаның ең үлкен купюрасы. Мұндай купюраның үштен екісі АҚШ-тан тыс жерлерде аналымда жүр.