Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ сенаторы Линдси Грэмнің орнына оның қарындасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Каролина штатының губернаторы Генри Макмастер қайтыс болған сенатор Линдси Грэмнің орнына оның қарындасы Дарлин Грэмді уақытша сенатор етіп тағайындады, деп хабарлайды Report.

АҚШ сенаторы Линдси Грэмнің орнына оның қарындасы тағайындалды
Фото: Report

Fox News телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен салтанатты рәсімде 62 жастағы Дарлин Грэм ағасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Оңтүстік Каролина штатынан АҚШ Сенатында қызмет ететіні мәлім болды.

— Линдси Грэмнің ісін жалғастыруды оның қарындасы Дарлин Грэмге сеніп тапсыруды үлкен мәртебе санаймын, — деді губернатор Генри Макмастер.

Өз кезегінде Дарлин Грэм көрсетілген сенім үшін губернаторға алғыс айтты.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Дарлин Грэмді марқұм ағасының орнына уақытша сенатор етіп тағайындауды ұсынып, мұндай шешім Линдси Грэмге көрсетілген «тамаша құрмет» болатынын айтқан.

Бұған дейін АҚШ сенаторы Линдси Грэм 71 жасында қайтыс болғаны туралы жарияладық. Дональд Трамп қорғаныс және сыртқы саясат саласындағы жетекші республикашыл америкалық саясаткер Линдси Грэмге құрмет көрсетіп, оны «шынайы америкалық патриот» деп атады.