АҚШ сенаторы Эдвард Кеннедидің 1978 жылы Алматыға жасаған іссапары кезінде түсірілген фотосуреттер жарияланды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшілігінің сайтында сенатор Эдвард Кеннедидің сонау 1978 жылы Алматыға жасаған іс-сапарына қатысты фотосуреттер жарияланды.
None
None

Онда сенатор Эдвард Кеннедидің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саммиті барысында Қазақ КСР-нің астанасы - Алматы қаласына келгендігі қысқаша баяндалған.

Эдвард Мур «Тед» Кеннеди (1932 жылғы 22-ші ақпан - 2009 жылғы 25-ші тамыз) АҚШ Президенті Джон Кеннедидің кенже інісі. 1962-2009 жылдары аралығында Массачусетс штаты атынан АҚШ Конгрессінде сенаторлық қызметте жүрді. Онда ол денсаулық сақтау, білім, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру комитетінің төрағасы болды.

1974 жылы Эдвард Кеннеди КСРО-ға келіп, Кеңес Одағы коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Брежневпен кездесті. Сөйтіп, ядролық қаруды сынауды тоқтату және эмиграция мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді.

Ал 1978 жылы КСРО-ға жасаған келесі сапарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ-ның балалар қоры) Алматыда өткен Халықаралық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі конференциясына қатысты.

Конференция барысында денсаулық сақтау саласын дамытудың басты құндылығы ретінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету туралы декларация қабылданды.

Алматыдағы өткен конференцияға әлемнің 146 елінен дәрігер мамандар қатысты.
null
null
null

Соңғы жаңалықтар